Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 23:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер екі жыл бұрын ұрланған ұялы телефонды иесіне қайтарды

15.01.2021

1087 0

          2019 жылдың 09 маусымында Жалағаш кентінің тұрғыны 21 жастағы азаматша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық  полиция бөліміне  арызданған.

       06.06.2019 жылы арызданған әйел үйінің ауласында қол жуғыштың үстінде тұрған «Samsung galaxy S-8» маркалы ұялы телефонының ұрланғандығын айтқан. Телефон құны 309 000 (үш жүз тоғыз мың) теңге.

       Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігінің 3 – тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық ) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу тексеру жұмыстары жүргізілген.

       Іздестіру жұмыстары осы уақытқа дейін тоқтатылмай жүргізіліп, нәтижесінде 12.01.2021 жылы ұялы телефонды ұрлаған Жалағаш ауданының  24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақ зат  «Samsung galaxy S-8» маркалы ұялы телефоны жәбірленушіге қолхат арқылы қайтарылды.

       Азаматша полиция қызметкерлеріне алғысын білдіруде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: