Сенбі, 28 желтоқсан, 01:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құқық құрығы

07.05.2022

922 0

Заңсыз қару алып жүрген

Облыстық полиция департаменті Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аймақты аралау барысында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында ауыл тұрғынын тоқтатқан. Тексеру барысында тұрғынның өзімен бірге ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. 

42 дана қабылданды

Республика көлемінде тұрғындардағы заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция  өткізілуде. Мақсаты − заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау. Акцияның 8 күнінде тұрғындардан барлығы 28 өтініш түсіп, 42 дана қару қабылданған.

Мас күйінде көлік жүргізген

Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас күйде көлік айдаған 181 жүргізушіні ұстады.

Әкімшілік құқық құзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігімен тәртіп бұзған 173 азаматқа хаттама толтырылып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Көлік басқару құқығы жоқ 8 көлік жүргізушісі автокөлікке қайтадан масаң күйде отырып, Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалып, автокөліктері айып тұрағына қойылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: