Жексенбі, 14 сәуiр, 04:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Соттан тыс тәртіпте некені бұзу туралы

31.01.2023

798 0

Ерлі-зайыптылардың неке-құқықтық қатынастары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) реттейді. Соның ішінде некені тоқтату жоғарыда көрсетілген құқықтық актімен реттеледі.

Некені тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

Қазіргі таңда некені бұзу қолданыстағы заңнамаға сай, екі тәртіп көзделген. Бұл соттан тыс және соттық тәртіп болып табылады. Бұл мақалада соттан тыс тәртіпте қаралуға жататын некені бұзу туралы талап қоюлар айтылатын болады. Соттан тыс тәртіп бұл тіркеуші органдарда некені бұзу жүргізіледі, яғни азаматтардың хал актілерін тіркеу органы болып табылады. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке бұзылатын болады. Қазіргі уақытта сотқа кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары жоқ некені бұзу туралы талап қоюлар түсуде. Сот некені бұзу туралы талап қоюларды заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібінің сақталмауына байланысты талап қоюшыларға кері қайтарады.

Талап қоюшылар аталған талап қоюмен сотқа жүгінген кезде арыздарға тіркеуші органның ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмауы, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтаруы негіздерді көрсетіп,арыздарды қараусыз қалдыратын,бұл талаппен сотқа жүгіну арқылы дауды шешу туралы хаттарды қоса тіркейді.

Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын және кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі үшін жауапкердің тіркеуші органда некені бұзудан бас тартқанын не оның қарсылығының болмауына қарамастан, некені бұзудан жалтарғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынуы қажеттігін атап өткен жөн. Тіркеуші органда Кодекстің 238-бабы 2-тармағының тәртібімен некені бұзуға жауапкердің келісімінің жоқтығын растау үшін жұбайының некені бұзу туралы арызбен тіркеуші органға жүгінгені жөніндегі құжаттар және жауапкердің некені бұзуға келісімінің жоқтығы туралы жазбаша арызы ұсынылады. Ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, некені бұзудан жалтарған жағдайда, мысалы, некені бұзу туралы бірлескен арыз не жеке арыз беруден бас тартса, оның бірлескен арыз беру үшін тіркеуші органға жеке өзінің келуіне мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ ол арыз берілгеннен кейін бір ай өткен соң тіркеуші органға қайта келмесе неке сот тәртібімен бұзылады.

Бұл жағдайда талап қоюшы жауапкердің некені тіркеуші органда бұзудан жалтарғанын куәландыратын дәлелдемелерді талап қоюға беруге міндетті. Мұндай дәлелдемелерге тіркеуші органның ерлі-зайыптылардан некені бұзуға арыздың болмағаны не арыз берілгеннен кейін бір ай өткен соң некені бұзу үшін оның қайтадан келмегені туралы мәліметтері жатады.

Тіркеуші органда некені бұзудан жалтарудың мән-жайлары құжаттармен – ерлі-зайыптылардың арызының жоқтығы туралы анықтама ұсынылып, сонымен қатар талап қоюшының некені тіркеуші органда бұзу ниеті туралы жауапкерге тиісінше хабарлағаны жөніндегі мәліметтермен расталуы тиіс. Пошталық хат-хабарды алу туралы хабарлама, электрондық пошта мекенжайына, ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе талап қоюшының жауапкерге жасаған өтінішін тіркеуді қамтамасыз ететін және талап қоюшының некені бұзу туралы ұсынысы жөнінде жауапкердің хабардар болуын куәландыратын өзге де электрондық байланыс құралдарына жіберілген хабарламалар талап қоюшының жауапкерге некені соттан тыс тәртіппен бұзуға өтініш жасағанына дәлелдемелер болып табылады. Мысалы, талап қоюшының медиаторға жүгінуі және жауапкердің татуласу рәсімдерін өткізуге келмеуі, ал электрондық үкімет порталына жүгінген кезде – талап қоюшының некені бұзу туралы арызды беруі туралы мәліметтер және екінші жұбайының өтінімге қол қоюдан бас тартуы. Аталған дәлелдемелерді ұсыну талап қоюшының міндеті болып табылады.

Некені бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінер алдында, талап қоюшы жоғарыда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып, жүгінген жөн деп санаймын.

М.Ақынбек,

Қызылорда қалалық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: