Жұма, 27 желтоқсан, 19:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды

19.07.2023

473 0

Қостанайда №61 балабақша тәрбиешісіне үкім шықты. Ол орындықта отырған баланы тартып қалып, бұғанасын сындырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

№2 Қостанай қалалық сотында №61 балабақша тәрбиешісі Айсұлу Деріпсәліге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшін (ҚК 141-бабы 1-бөлігі) сот алдында жауап берді.

«2022 жылдың 28 маусымында Д. «Көбелек» тобының ойын залында тәрбие сабағын өткізу кезінде тәрбиешіге арқасымен орындықта отырған тәрбиеленуші М.-ге ескерту жасаған, бірақ ол тыңдамаған.

Тәрбиеші бала отырған орындықты жұлқып, оны өзіне тартқан. Салдарынан бала орындықтан құлап, жарақат алды. Оның сол жақ бағанасы жабық күйде сынған», – деді облыстық сотта.

Сот отырысында прокурор 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Зардап шегуші – баланың әкесі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын толық қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінді.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын және өкінгенін есепке алды.

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот айыпталушыны педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызмет атқару құқығынан айыра отырып, жазасын өтеу мерзімінде пробауиялық бақылау жазасын белгілеп, 44-баптың 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді», – деді облыстық сотта.

Сот заңды күшіне енген жоқ.

Оқиға былтыр жазда болған. Балабақша басшылығы бұл оқиғаға мән бермеген, ал полиция мұны қылмыс деп қарастырмаған. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне №61 балабақша қызметкерлері тәртіптік жаауапқа тартылғанын хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: