Бейсенбі, 14 қараша, 03:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

14 қараша – дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

13.11.2024

80 0

Қант диабеті – әлем бойынша таралуы кеңейіп бара жатқан созылмалы аурулардың бірі. Сол себепті де 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы ДДҰ-мен бірлесіп 14 қараша – дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні деп бекітті. Қазіргі таңда әлем бойынша 463 миллионнан аса адам дәл осы аурумен есепте тұр. Ал, облыста қант диабетімен 16 211 адам тіркелген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына сала мамандары келіп, кеңестерімен бөлісті.

– Қант диабеті – бұл созылмалы патология, онда метоболизмнің бұзылуы, ең алдымен көмірсулардың бұзылуы орын алады. Ол инсулин өндірісінің жетіспеушілігінен немесе тіндердің осы гармонды қабылдамауына байланысты дамиды. Бұл, әсіресе, балалық шақта күрт басталып, тез нашарлайды. Балалардағы қант диабетінің ағымын диабеталды кезең және клиникалық кезең деп екіге бөлеміз. Алғашқысы – потологиялық процестер басталған, бірақ айқын белгілері жоқ жағдай болса, ал, клиникалық кезең жарқын белгілерімен сипатталады. Негізінен қант диабетімен ауыратын адамдардың көпшілігінде бастапқы уақытта ешқандай белгілер байқалмайды. Сондықтан, медицина мамандары қант диабеті белгілерінің жалпы көріністеріне мұқият болуға шақырады. Мәселен, айқын шөлдеу, зәр шығарудың жоғарылауы, жиі аштық сезімі мен көздің бұлыңғыр көруі, дене салмағының төмендеуі, тез шаршау мен әлсіздік және терінің қабынып, зақымдануынан кейін емдеудің қиын жүргізілуі аурудың белгілері болып отыр. Балалар арасындағы қант диабетінің алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, ұйқы мен демалыс режимін дұрыстау маңызды,- деді облыстық балалар эндокринологы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Уксикбаева.

Қант диабеті қазіргі заманның жаһандық проблемаларының бірі болып табылады. Ол эндокриндік аурулар құрамында 60-70 пайызды алса, қант диабетінің кең таралған түрі – эндокриндік патология.

– Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері бойынша жыл сайынғы өсім науқастардың жалпы санының 5,9 пайызын құрайды. Бұл ретте әрбір 15 жыл сайын қант диабетімен ауыратын науқастар саны екі есе артуда. Қант диабетінің ең басты себептерінің бірі – тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану. Қызылорда облысы бойынша мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда 16 211 адам есепте тұрады. Оның ішіндегі ер адамдар саны – 7 021 болса, әйелдердің саны 9 882-ні құрайды,- деді көпбейінді облыстық ауруханасының эндокринолог дәрігері Меруерт Бодықова.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: