Сәрсенбі, 01 мамыр, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жер сілкінісінен кейін үш айдан соң тірі адам табылды

17.05.2023

590 0

Сириядағы жойқын жер сілкінісінен үш ай өткен соң аман қалған ер адам үйінділердің астынан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адам сенгісіз таңғажайып жағдай – ер адамды құтқару сәті түсірілген видео бүкіл әлемге тарап кетті.

Әлі кетіп, бірақ аман қалған ер адамды 16 мамыр күні үйінділерді тазалау кезінде жұмыс істеп жүрген сириялық құтқарушылар тауып алған.

Жергілікті Akhbar.fouri порталы қатты азып, сақал-мұрты өсіп кеткен адамды құтқару барысынан кадрлар жариялады.

Ер адам дәрігерлердің бақылауында, оны оңалтуға ұзақ уақыт кетеді деп болжанып отыр.

Оның қалай аман қалғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болған еді. 45 мыңнан астам адам табиғи апаттың құрбаны болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: