Сейсенбі, 28 сәуiр, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Ауылды бес саусағындай біледі

28.04.2026

37 0

Қазақта «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар халыққа жақын болған басшы. Қанша жыл ауыл әкімі болып қызмет етіп келе жатса, сол уақыт аралығында ауыл тұрғындарымен тонның ішкі бауындай араласып, ауылдың ғана емес, әр отбасының жағдайын жақсы біледі десем артық айтқандық емес. Жылдан-жылға ауыл көркейіп, кәсіпкерлік дамып келеді. Есеп беру кезінде тұрғындардың айтқан мәселесі ескерусіз қалған емес. Бұл ауыл әкімінің халықпен тығыз жұмыс істей білгенінің арқасы. «Береке бар жерде тірлік бар» дегендей, ауылдағы толымды тірліктің болуы береке-бірлігімізге байланысты. Бірлігі бекем ауылды гүлдендіруге атсалысып келе жатқан ауыл әкімін әрдайым қолдаймыз. Алдағы уақытта да ауылды дамытуға, гүлдендіруге оның тәжірибесі де, іскерлік қабілеті де жетеді.

Жақсыбек Исаев,

Қызылөзек ауылдық округінің қауымдастық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері.

Қаржысы облыс бюджетінің қаражатынан төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: