Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Миы шайқалып, ота жасады»: Ләйлә Сұлтанқызы атпен шабуды трендке айналдырған қыздарға үндеу жасады

18.07.2024

373 0

Сурет: stan.kz

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының көмекшісі атпен шабу кезінде құлап, ми жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Медиа маманы атқа шабу кезінде кейбір ескерілмейтін жайттарды қозғады. 

“Соңғы екі күнде Еркежанмен мың рет хабарласқан шығармын. Тіпті түсімде де жағдайын сұрап жүрмін. Атқа мінуді немесе шабуды жақсы көретін қыздар, жақындаңдар! Бұлай жасауға болмайтынын айтып беремін. Еркежанның фотосын көргенде қатты шошып кеттім. Осыдан бірнеше күн бұрын достарымен атқа шабуға барған. Сол жерде құлап, жарақат алды. Мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Ота жасалды. Бірінші рет атпен шауып тұрған жоқ. Бұрын да барып жүретінін білетін едім. Осы жолы қатты құлап, бәрімізді қорқытты”, – деді тележурналист. 

Сонымен қатар медиа өкілі бүгінде атқа шабу трендке айналғанын атап өтті. 

“Қазір қыз балаларының атқа мінуі немесе шабуы кең таралды. Астананың өзінде бірнеше орындар бар. Еркежан да бірнеше рет барып жүрген орталығына барып, шауып жүрген атына мінген. Қолхат жазып, жауапкершілікті өзіне алған. Менің айтқым келгені, денсаулыққа пайдалы болғанымен, қауіпсіздік бірінші орында. Бастысы – қауіпсіздік пен денсаулық. Атқа мінерде киетін баскиімі, беліне тағатын, байлайтын дүниелері болуы керек. Одан кейін тексерілген атқа отырыңыздар. Одан кейін заңды жұмыс істейтін орталыққа барған дұрыс”, – деп кеңес берді журналист. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: