Жұма, 19 сәуiр, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ақпарат министрлігі: Бала құқығын қорғау туралы заң жобасындағы түзетулер қарапайым пайдаланушыларға кері әсер етпейді

13.03.2022

768 0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында кибербуллингке қарсы норма туралы алыпқашпа әңгімелерге түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«БАҚ пен әлеуметтік желіде қабылданатын заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Бірақ жарияланымдардағы ақпарат түбегейлі емес екенін айтамыз. ҚР Парламенті Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған Балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасында шетелдік онлайн-платформалардың Қазақстанда тіркелуін міндеттейтін норма жоқ.

Ондай норма заң жобасының бастапқы нұсқасында болған және 2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі бірінші оқылымда қаралған. Осы заң жобасы бойынша өткен жалпы отырыста аталған құжатқа байланысты, оның ішінде осы айтылған норма бойынша ескертпелер айтылған.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының отырыстары аясында бірнеше норма қайта қараудан өтті. Сол кезде шетелдік онлайн платформалардың филиалын немесе өкілдігін ашу талабы БАҚ саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекет ететін уәкілетті өкілді тағайындау талабына ауыстырылды. Мұндай талап бір айдың ішінде Қазақстан аумағында 100 мыңнан астам қолданушыға қолжетімді болған шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге ғана қатысты», – делінген ресми мәлімдемеде.

Ведомствоның ақпараты бойынша, зиянды контентті өшірудің уақытша шектеулерін белгілейтін норма енгізу әдетте масқаралау әрекеттері жабық топтар мен қауымдастықтарда кездесетінімен байланысты болып отыр.

«Ондай жабық топтарға кірмей фактілерді анықтау мүмкін емес. Әлеуметтік желіде танымал болып кеткен суицид топтары туралы бәрі біледі. Мониторинг ол топтарда жеткіншектерді суицидке итермелейтін материалдардың көп екенін анықтаған болатын.

Министрлік әлеуметтік желіде заңға қайшы материалдарды жоюға бірнеше ай жұмсады. Мониторинг қазір әлеуметтік желіде жеткіншектерге бағытталған жаңа топтарды анықтап жатыр.

Бүгінде уәкілетті органның ұйғарымдарын әлеуметтік желілер ұзақ қарайды. Салдарынан зиянды контенттің өзектілігі жойылып, балаларға зияны тиіп үлгереді. Сондықтан бұл түзетулер әрекетінде кибербуллинг сипаты жоқ, қарапайым қолданушыларға ешқандай кері әсер етпейді», – деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Министрлік өкілдері аталған норманы енгізер кезде халықаралық тәжірибені зерттеген көрінеді.

«Соның қорытындысы бойынша әлемдік қауымдастық бұл саланы заңнамалық тұрғыда реттеуге талпынып жатқаны мәлім болды. Мысалы, Еуропаның кейбір елдерінде интернет-кеңістікті жергілікті заңнаманы ескере отырып құқықтық реттейтін норма енгізілген.

Сондай-ақ, Еуропаның, Азияның, Оңтүстік және Солтүстік Американың елдерінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді заңнамамен реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни бүкіл әлем проблеманың маңыздылығын түсініп, тиісті жұмыс атқаруда.

Министрлік кейінгі жылдары халықаралық әлеуметтік желілердің меншік иелерімен байланысты жолға қойып жатыр. «ВКонтакте», «Одноклассники», «Mail.ru», «Livejournal», «Facebook», «Instagram», «Tik tok», «linkendin» әлеуметтік желілерінің және «Telegram» мессенджерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Олар бұл бастаманы жағымды қабылдап, аталған нормаларды орындауға келісетіндерін білдірді», – делінген мәліметте.

Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі таңда шетелдік әлеуметтік желілер заңды өкілдерін белгілеп, тағайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Жалпы интернет-компаниялардың өкілдері Қазақстан Республикасы мен халықаралық құқық талаптарын бұзатын заңға қайшы контентті өшіру бойынша әріптестік орнату туралы бастамаға түсіністікпен қарайды.

Оның үстіне Қазақстан Республикасының заңнамасында цензураға тыйым салынғанын айта кету керек. Сәйкесінше, ұсынылып отырған нормалар халықаралық құқық пен Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.

Заңнамадағы жаңашылдық министрлікке әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің еркін қызметіне кедергі келтіретін және өз ойын білдіру еркін шектейтін құзырет жүктемейді, – делінген министрліктің түсіндірмесінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: