Жұма, 22 қараша, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Өңірдің энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды

24.04.2022

841 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Кристалл Менеджмент» АҚ бас директоры Дәулет Сайзинұлымен кездесті. Басқосуда аймақтың энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Ақшабұлақ кенішіндегі газтурбиналық электр станциясы жобасының аймақ үшін тиімділігін сөз етіп, электр энергиясына деген тәуелділікті біршама азайтуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

Сонымен қатар компанияның әлеуметтік мәселелері бойынша ұсыныстар сөз болды. Өз кезегінде Дәулет Сайзинұлы аймақ үшін өзекті жобаларды сапалы әрі мерзімінде атқаруға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Ақшабұлақ кенішінде іске асырылып жатқан газтурбиналық электр станциясы экологиялық жоба болып табылады. Былтыр құны 6,1 млрд. теңгені құрайтын 652 млн. кВт/сағ құрайтын электр қуаты, биыл жыл басынан бері 1,8 млрд. теңгені құрайтын 192,8 млн. кВт/сағ энергия өндірілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: