6 сәуір – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінің құрылған күніне орай, бүгін Қызылорда облысының Полиция департаменті Анықтау басқармасының басшылығы бастаған топ «Сәбилер үйінің» тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті. Ондағы мақсат бөбектердің қуанышы арта түссін деген ниет еді.
Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген қайырымдылық шараға көңілі марқайып, балалардың атынан «Сәбилер үйінің» бас дәрігері Ержанова Гүлсім Естаевна Қызылорда облысының Полиция департаменті басшылығына алғысын жаудырды. Сыр сақшыларының еңбегінің ұшан-теңіз екендігін айтып, қайраттары арта берсін деген тілегін жеткізді.
Осындай игілікті шаралар департамент тарапынан бұрын-соңды да дәстүрлі түрде атқарылып келеді. Бұл халқымыздың нәзік және осал тобының елеусіз қалмайтындығының айғағы болса керек-ті.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!