Студенттер мен жоғары сынып оқушылары Нартай Бекежанов атындағы драма театрының қойылымындағы «Нашақордың өмірі жайлы новелла» трагедиясын тамашалады. Бұл шараны Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.
Қойылым нашақорлыққа әуестенген азаматтың өмірі туралы сыр шертеді. Көрермен назарына ұсынылған бұл спектакль он жыл бойы көрсетіліп келген. Ол үлкен сұранысқа ие болғандықтан жаңартылған. Шынайы оқиғаға негізделген бұл спектакль қазіргі заманның дерті нашақорлық тақырыбын көтереді. Желісі қызықты әрі танымды болды.
Театрға келген жастар актерлардың өнеріне тәнті болып, ыстық ықыластарын жасырмады. Қойылым көрермен жүрегінен орын тауып, көңілдерінен шықты. Айта кетерлігі, қызылордалық полицейлермен ұйымдастырылған бұл шара нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында өткізілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!