Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада тұрғындардан қымбат көліктерді алдап алып кеткен жігіт ұсталды

06.07.2022

732 0

Қызылорда облысында еліміздің бірнеше қала тұрғынынан қымбат бағалы көліктерді алдап алып кеткен алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордалық полицейлер өткен жылдан бері Алматы, Тараз, Кентау және Түркістан қалалары тұрғындарын алдап кеткен алаяқты қолға түсірді. Ол жарнама сайттарында сатылымға шыққан көліктерді алдын ала белгілі бөлігіне төлем жасау арқылы алып кетіп, ақшаның қалған бөлігін бірнеше күнде өтеп беретініне уәде еткен.

«Көліктерді қымбат бағаға бөтен адамдарға сатып жіберген. Алдымен оларды есептен шығарып, тұрғындарды көліксіз қалдырған. Алданған тұрғындар оның үстінен полицияға арыз түсірген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жаңақорған ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облстық полиция департаментінен.

Ведомство күдіктінің бұған дейін де қылмыстарға қатысы бар екені анықталғанын мәлімдеді. Қазір одан зардап шеккен өзге де азаматтар нақтылануда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды.

Сондай-ақ, Қызылордада оқ атып, адам жарақаттаған күдікті қолға түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: