Жұма, 03 қаңтар, 08:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Күніне неше шыныаяқ кофе ішуге болады

15.02.2021

1358 0

Маман мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады
Күніне екі шыныаяқ кофеден артық ішуге болмайды, деді гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианова.

Маман мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады. Дианова кофені тек тамақтан соң ішуге кеңес берді, деп хабарлайды RT.

«Көптеген адам таңертең тұра сала кофе ішеді. Егер таңғы астан соң кофе ішсе, асқазан-ішек жолдарына күш түспейді. Ал тек кофе ішіп, тамақтанбаса, кейін салдары ауыр болады», – деді дәрігер.
Қыжыл болмауы үшін екінші шыныаяқ кофені де жүрек жалғап алған соң ішкен дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ұйықтаудан кем дегенде 6 сағат дұрыс ішу керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: