Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық ардагерлер үйі жанындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында Амал мерекесі аталып өтті. Қыстың соңғы тоқсаны шығып, жылылық лебін алып келетін мерекеде жиылған жұрт бір-біріне ыстық ықыластарын білдірді.
Тағылымды шараға арнайы қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов ардагерлерді мерекемен құттықтап, Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті. Іс-шараға келген қонақтарға ақ дастарханнан қымыз, ыстық бауырсақ пен басқа да қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, мерекелік іс-шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!