М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері Достық үйіне экскурсия жасады.
Колледж студенттері Достық үйінің жұмысы мен облысымызда тұратын түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен танысты. Экскурсия барысында студент жастар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерінен ақпар алды. Экскурсия жетекшісі «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Светлана Крюгер студенттерге Достық үйіндегі әрбір этномәдени орталықтардың жұмыс бөлмелерін көрсете жүріп, олардың тарихына тоқтала кетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!