Сенбі, 21 желтоқсан, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық «Аркан» құрылғысына 55 мәрте түскен

05.03.2021

1157 0

4 наурыз күні сағат Қызылорда облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері және қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторлары 30 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Хюндай» автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқару дерегін анықтады.

Тексеру барысында жүргізушіге жылдамдық асырып «Аркан» құрылғысына 55 мәрте түскені үшін 1 млн 73 мың теңге айыппұл салынғандығы анықталды.

Қазіргі таңда құқық бұзушыға көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айып алаңына қойылды және кодекстің 684-бабына сәйкес, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолдануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының қатаң бақылауында.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: