«Аманат» партиясы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне қайта тағайындауды ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды”, – делінген бейсенбі күнгі ақпаратта.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Еске салайық, Смайылов алғаш рет үкіметті, алдымен уақытша қызметін атқару мәртебесінде басқарды, содан кейін 2022 жылдың қаңтарында премьер-министр болды. Ал бұған дейін 2021 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрі (кейін бір мезгілде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!