Жұма, 22 қараша, 02:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тараз қаласының тұрғынынан есірткі заты табылды

16.04.2021

1849 0

15 сәуір күні сағат 07:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара-Шымкент тасжолының 1632/635 шақырымында, яғни Шошқакөл елді мекенінің тұсында қызмет атқару барысында Жамбыл облысынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алған Жамбыл облысының  30 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Камри» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің артқы жүк салғышында жатқан сөмкесінің ішінен полиэтилен пакетіне оралған «ерекше иісі бар шөп тәріздес» заты анықталып, тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды.        

        Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.   

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: